Бір жолғы талондардың бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі № 179 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 тамызда № 9-3-112 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 14.02.2013 № 85 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызметі дүркін-дүркін сипатындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондардың бағасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2010.10.22 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енедi) шешімімен.
      2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың бағасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2010.10.22 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енедi) шешімімен.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық мәслихатының
      кезекті ІХ сессиясының
      төрағасы                                   А. Мұқанов

      Арқалық қалалық мәслихатының
      хатшысы                                    Қ. Ағуанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы қаржы
      Министрлігінің салық комитеті
      Қостанай облысы бойынша салық
      Департаментінің Арқалық қаласы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттiк мекемесi бастығының
      міндетін атқарушысы
      ________________ З. Кабенова
      2009 жыл "24" шілдедегі

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ А. Мұхамбетжанова
      2009 жыл "24" шілдедегі

Мәслихаттың         
2009 жылғы 21 шілдедегі  
№ 179 шешіміне 1-қосымша 

Қызметі дүркін-дүркін сипатындағы
Қазақстан Республикасының азаматтары мен
оралмандар үшін бір жолғы талондардың бағасы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2010.10.22 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енедi) шешімімен.

Қызмет түрі

Теңгедегі талондар құны

1.

Өткізу (тұрақты орындарда жүзеге асырылатын қызметтен басқа):


1)

Газет және журналдарды

64

2)

Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

64

3)

Бақша дақылдарын

64

4)

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді

76

5)

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін

38

6)

Құстар мен жануарлардың жемдерін

191

7)

Орман жеміс – жидектері, саңырауқұлақ, бал, балық

64

8)

Сыпыртқылар, сыпырғылар

64

2.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі

318

3.

Үй жануарлары мен құстарын бағу

102


Мәслихаттың        
2009 жылғы 21 шілдедегі  
№ 179 шешіміне 2-қосымша  

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер
көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар,
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға
біржолғы талондардың бағасы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2010.10.22 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енедi) шешімімен.

Қызмет түрі

Теңгедегі талондар құны

1

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды машинадан өткізу:
1) жүк көтергіші 2 тоннаға дейін
2) жүк көтергіші 2 тоннадан 5 тоннаға дейін
3) жүк көтергіші 5 тоннадан жоғары

318
637

1273

2

Азық-түлік тауарларын өткізу:
1) 4 шаршы метрге дейінгі сауда алаңынан өткізу
2) 4 шаршы метрден жоғары сауда алаңынан өткізу

102

153

3

Өнеркәсіп тауарларын өткізу:
1) 4 шаршы метрге дейінгі сауда алаңынан өткізу
2) 4 шаршы метрден жоғары сауда алаңынан өткізу

115

191

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады