Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 179 "Біржолғы талондардың бағасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 қазандағы № 290 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 қарашада № 9-3-135 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қалалық мәслихатының 14.02.2013 № 85 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Біржолғы талондардың бағасын белгілеу туралы" 2009 жылғы 21 шілдедегі № 179 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-112 санымен тіркелген, 2009 жылғы 28 тамыздағы "Торғай" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 және 2-тармақтарында және 12-қосымшаларында "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арқалық қалалық
      мәслихатының
      кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       Ш. Досов

      Арқалық қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Ағуанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Арқалық қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ А. Мұхамбетжанова

      "Қазақстан Республикасы қаржы
      Министрлігінің салық комитеті
      Қостанай облысы бойынша салық
      Департаментінің Арқалық қаласы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      ___________________ Е. Карбозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады