Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 169 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы 1 маусымда № 9-4-143 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 201 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.02.2018 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және 1-тармағында "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздері тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 21.12.2015 № 384 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы Заңының 1-бабы 3-тармағының 38) тармақшасына, 2-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Лисаков қаласының әкімшілік аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірынғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері бекітілсін:

      бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіштері;

      біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіштері;

      ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіштері;

      ойын жолы - 5 айлық есептік көрсеткіштері;

      карт - 2 айлық есептік көрсеткіштері;

      бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіштері.

      2. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Х сессияның


төрайымы

Г. Киселева

Қалалық мәслихатының


хатшысы

Т. Кривошея

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Лисаков қаласы бойынша

      салық басқармасы"

      мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      __________ М. Уржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады