"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және халықты әлеуметтік қорғаудың нысандарын анықтау кезінде бірыңғай тұрғысын жасау мақсатында Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-137 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы № 9 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған ) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"жұмыс берушінің таратылуына, жұмысшылар санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылғандар;
толымсыз жұмыс уақыты тәртібінде жұмыспен қамтылған тұлғалар;
ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемеген тұлғалар;
жұмыс тәжірибесіз өткен жылғы мектеп бітіруші түлектер;
18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар".
2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | В. Полешко |
КЕЛІСІЛДІ:
"Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ Л. Сидорова
2009.06.16