2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 25 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда № 9-4-137 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 05.01.2010 № 1 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және Лисаков қаласының халқын әлеуметтік қорғау нысандарын анықтау кезінде бірыңғай тұрғысын әзірлеу мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі В. Полешко

  Қала әкімдігінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
№ 25 қаулысымен бекітілген

Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009.06.16 № 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз); 2009.10.20 № 545 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараныз) қаулыларымен.
      Халықтың нысаналы топтарына:
      табысы аз адамдар;
      жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      оралмандар;
      келешегі жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан жоғары);
      курстық даярлығының, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім бітірушілері жатады;
      жұмыс берушінің таратылуына, жұмысшылар санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылғандар;
      ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемеген тұлғалар;
      жұмыс тәжірибесіз өткен жылғы мектеп бітіруші түлектер;
      18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады