2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері, түрлері және жағдайлары туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда № 9-5-82 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)14) – тармақшалары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға қоғамдық жұмыстардың көлемдері және түрлері,және жағдайлары, қоғамдық жұмыстар үшін жұмыс орындарын ұсынушы ұйым болып "Көмек-Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бекітілсін (қосымша).

      2. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы аудандық бюджеттен ең төменгі жалақының бір жарым көлемінде белгіленсін.

      3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Көмек-Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын арасындағы қоғамдық жұмыстарды орындауға жасалған қолданыстағы заңнамаға сәйкес келісім шартында көрсетілген талаптарына сәйкес жүргізілсін.

      4. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі орындалған қоғамдық жұмыстардың сапасына бақылау жүргізсін.

      5. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 67 "2008 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, түрлері, көлемдері және жағдайлары туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-66, 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 11, 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 12, 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 15 "Таза бұлақ-Чистый родник" газеті) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмiнің міндетін
      атқарушы                                   К. Таңқыбаев

      
Әкімдіктің               
2009 жылғы 18 ақпандағы  
№ 67 қаулысымен бекітілген

2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың
көлемдері және түрлері

      РҚАО-ның ескертуі: кестені қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады