Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2011.05.20 № 307 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (бұдан әрі салық кодексі) 422 бабының 2 тармағына 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы № ІV-99 және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді,сондай-ақ Алтынсарин ауданы бойынша салық басқармасы берген мәліметтерге сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бір салық салу объектісіне тіркелген салық ставкасының айлықтағы ең төменгі базалық мөлшерін бекіту (қосымша).
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин ауданы
мәслихатының кезекті,
жетінші сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы Т.М. Құлмағамбетов
Алтынсарин аудандық
мәслихатының шешіміне
2009 жылғы 4 ақпандағы
№ 146 шешіміне қосымша
Бір салық салу объектісіне тіркелген салық
ставкасының айлықтағы ең төменгі базалық мөлшері
№ р/р |
Көрсеткіштердің атауы |
Тіркелген салық ставкасының айлықтағы ең төменгі |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |