Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14)-тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы "Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы" № 683 қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он (10) күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Аудан әкімі С.Ахметов
Аманкелді ауданы әкімдігінің
"19" наурыздағы 2009 жылғы
№ 44 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық (бұдан әрі қарай – Нұсқаулық) тұрғындар арасындағы нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы, ұйымдастырушы жұмыс берушілермен (қандайда меншік түріне қарамастан) негізгі шарттарды және есеп айырысу жүйесін егжей-тегжейлі көрсетеді.
2. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:
1) Әлеуметтік жұмыс орны – бұл жұмыс берушілердің жергілікті атқару ұйымдарымен келісім – шарт негізінде, нысаналы топтар арасындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және еңбегіне өтемақы шығындарын бөлшектеп төлеу.
2) Нысаналы топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындық көруші және әлеуметтік қорғауды керек ететін топтардағы тұлғалар.
3) "Жастар тәжірибесі" - бастауыш орта және жоғары кәсіптік білімдері бар, бірақ мамандықтары бойынша жұмыс өтілі жоқ арнайы курстық дайындықты бітірушілердің білімдерін жетілдіру, үйрену және тәжірибе жинақтау мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдылық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындар арасындағы нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа
орналастыру және ұйымдастыру
5. Жұмыс берушілер өз жеке қаражаты есебінен еңбек ақы төлейді, оның бір бөлік шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтемақы төленеді және жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынады.
6. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру қызметін көрсету жөнінде келісім – шарт жасайды.
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырып, ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы тұрғындар арасындағы нысаналы топтардан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және бюджет қаражатынан бөлінген қаржыны нәтижелі пайдалану мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырып, ұсыну үшін жұмыс берушілердің жазбаша арыздары негізінде іріктеу жасайды.
8. Әлеметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасымен жүзеге асырылады. Мамандықтары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін келісім – шартқа көрсетілген екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері, жұмыс көлемі, еңбекақы төлеу көлемі көрсетіледі және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздерінің шарттары міндетті түрде сақаталады.
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда нысаналы топқа кіретін аз қамтамасыз етілген жұмыссыздар басымдық, артықшылық құқыққа ие болады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
көздері және шарттары
10. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартында көрсетілген жұмыс түрлері және көлеміне сәйкес жұмыс берушілермен ай сайын жүзеге асырылады.
11. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға төленетін еңбекақы төлеу шығындарының, төменгі жалақының (50 пайызы ) жергілікті бюджеттің қаржысынан 6 айдан аспайтын мерзімге өтеледі (жастар тәжірибесіне) орналастыруға төменгі жалақының (100 пайызы).
12. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға, жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен төленетін еңбекақыға заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.
13. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы атқарылған жұмыс көлеміне қарай төленеді.
14. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу үшін жергілікті бюджеттен түскен қаржыны өздерінің шығындарын өтеу үшін пайдаланады.
4. Әлеуметтік аудармалар және әлеуметтік салықтар
15. Әлеуметтік жұмыс орнында істеген жұмыссыздарға еңбек ақыларынан Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген көлемде әлеуметтік аударымдар есептеліп аударылады.
16. Әлеуметтік жұмыс орнында істеген жұмыссыздардың еңбек ақыларынан Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген көлемде жергілікті бюджетке әлеуметтік салық есептеліп аударылады.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржылындыру тәртібіне бақылау жасау
17. Нұсқаулыққа бақылау жасауды заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.