Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2012.12.20 № 97 шешімімен.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Аманкелді ауданы бойынша салық комитеті берген хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректеріне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Бір жолғы талондардың құны белгіленсін:
1) Аманкелді ауданының базарларында тауарларды өткізу құқығына арналған (1-қосымша)
2) Аманкелді ауданының аумағында ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған (2-қосымша)
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сегізінші
сессия төрағасы М. Оспанов
Аудандық мәслихат
хатшысы Ж. Оташев
КЕЛІСІЛДІ
Аманкелді ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы
_________________ Қ. Өтебай
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 21 сәуірдегі
№ 109 шешіміне 1-қосымша
Аманкелді ауданының базарларында тауарларды өткізу
құқығына арналған біржолғы талондардың құны
Рет саны | Атауы | Талон ставкасы (айлық есептік көрсеткіштің пайыздық мөлшері) |
---|---|---|
1 |
Азық-түлік емес тауарларды өткізу 1) 4 шаршы метрге дейін сөреден өткізу 2) 4 шаршы метрден жоғары сөреден өткізу |
7 13 |
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 21 сәуірдегі
№ 109 шешіміне 1-қосымша
Аманкелді ауданының аумағында ара-тұра сипаттағы
кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арналған
біржолғы талондардың құны
Рет саны |
Кәсіпкерлік қызмет түрлері |
Талон ставкасы (айлық есептік көрсеткіштің пайыздық мөлшері) |
1 |
Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): 1) Газет, журналдар; 2) Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдары (тіпке көшет, көшет); 3) Басқа дақылдары; 4) Үй жанындағы ауылшаруашылығы, бау-бақша өнімдері |
5 5 10 10 |
2 |
Жер учаскелерін өндеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетуі |
20 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарға жем-шөп сату |
25 |
4 |
Үй жануарларын бағу |
5 |
5 |
Саңырауқұлақ, сыпырғы, сыпыртқы, жеміс-жидек пен балық сату |
15 |