Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына және Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 сәуірде № 3677 болып тіркелген) № 157 қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Аманкелді ауданының шақыру комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
3. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері:
1) әскерге шақырылған азаматтардың аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларға дер кезінде келулері, оларды хабарландыру және ұйымдасқан түрде комиссиядан өтуі, шақырудан бой тасалауды болдырмау шаралары қамтамасыз етілсін;
2) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын.
4. "Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
1) аудандық медициналық комиссияны жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құрал-жабдықтармен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен толық жабдықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын, Аманкелді аудандық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандар бөлсін;
2) "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырушыларды алдын-ала тексеру шығындарының орнын толтыру және медициналық комиссия құрамындағы дәрігер-мамандардың еңбек ақысын аудандық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен толтыру жөніндегі жұмыс ұйымдастырылсын;
3) "Аманкелді ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып қызмет көрсететiн персоналдың, медициналық және техникалық қызметкерлердiң қажеттi саны қамтамасыз етілсін.
5. "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырылушыларды әскери-спорт жиындары, соғыс, еңбек және қарулы күштер ардагерлерімен кездесулер өткізу сияқты көпшілік шаралармен қамту жүзеге асырылсын.
6. "Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерін шығарып салуға бөліп отыру қамтамасыз етілсін.
7. "Аманкелді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
"Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінің бөлмелерінің санитарлық нормаларға сәйкес болуын қадағалау ұсынылсын.
8. "Аманкелді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
ауданның көркемөнерпаздары мен творчестволық ұжымдар мүшелерінің күшімен әскер қатарына шақырылған азаматтарды әскери қызметке салтанатты шығарып салу шаралары ұйымдастырылсын.
9. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
әскерге шақыру жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жоспарындағы қаражат және 2009 жылдың жергілікті бюджетінде қаралған шығыс қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
10. Орындалған жұмыс туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2009 жылғы 30 маусымында және 25 желтоқсанына дейін берілсін.
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап қолданысқа таратылады.
Аманкелді
ауданының әкімі С. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ
"Аманкелді аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________________А. Тлегенов
"Аманкелді ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________________________М. Сыздықов
"Аманкелді аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________________А. Оспанбек
"Аманкелді аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
______________________Р. Есмағанбетов
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 30 сәуірдегі
№ 100а қаулысымен бекітілген
қосымшасы
Аманкелді аудандық әскерге шақыру
комиссиясының ҚҰРАМЫ
Тлегенов Арман - "Аманкелді аудандық қорғаныс істері
Сапабекұлы жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Медет Рақымжан - "Аманкелді ауданы әкімінің аппараты"
Елеусізұлы мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау
және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас
маманы, төрағаның орынбасары
Молдашев Бақытжан - "Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі"
Аманжолұлы мемлекеттік мекемесі бастығының
орынбасары, мүшесі (келісім бойынша)
Қойшығұлов Қанат - Дәрігер-фтизиатор, медициналық
Молдашұлы комиссияның төрағасы, мүшесі
(келісім бойынша)
Ержанова Гуля - Медбике, мүшесі (келісім бойынша)
Төлегенқызы