Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 ақпанда № 9-7-92 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 284 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2009.10.27 № 284 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының, 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне сәйкес Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдастырылсын.

      2. Медициналық куәландыруға, жол жүруге, тұруға және тамақтануға шығындарды қаржыландыру және төлеу оқытуды аяқтағаннан кейін келесі көлемдерде аудандық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі:
      1) тұру – айына екі есеп көрсеткіші;
      2) тамақтану – айына үш есеп көрсеткіші;
      3) медициналық куәландырудың толық құны;
      4) облыс шегінде оқу орнына баратын жолдың толық құны.

      Тұрғылықты жері бойынша оқытудан өткен жұмыссыздарға тек қана тамағы мен медициналық куәләндыруға шығыстары өтеледі.

      3. Төлемдер келесі құжаттарды ұсынған кезде жасалады: арыз, арыз берушінің жеке бас куәлігінің және кәсіби оқыту туралы куәліктің көшірмелері, темір жол немесе жолаушылар көлігінде жүру құжаттары, медициналық куәләндыруға төлеу жөніндегі төлем құжаты.

      4. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі және "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға уақытылы тағайындалуын және қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 203 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-11 тіркелген, "Әулиекөл" газетінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 27 жарияланған) күшін жойған деп танылсын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады