Әулиекөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 81 "Әулиекөл ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 54 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 наурызда № 9-7-94 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 04-10/234 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 12.04.2010 № 04-10/234 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-3)-тармақшасына сәйкес, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері реестірінде № 9-7-86 нөмірімен тіркелген Әулиекөл ауданы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 81 "Әулиекөл ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер орнатылсын:

      1) 500 теңге мөлшерінде Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілік үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек.

      2) негізгі азық-түліктердің қымбаттауына байланысты атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті алушыларға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жылға тиісті 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.

      2. Жеке санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек:
      1) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жылға тиісті сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде туберкулезбен ауыратын адамға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін;

      2) орта жандық айлық табысы күнкөрістің ең аз шамасынан төмен отбасыларға (азаматтарға) және табысына қарамастан, белгілі бір себептермен жедел әлеуметтік қорғауға мұқтаж (сәйкес құжаттармен расталған) азаматтарға. Біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері әрбір нақты жағдайда комиссиямен анықталады;

      3) республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген жылға тиісті он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды, кәмелетке толмаған балаларды (ата-аналары жұмыс істемейтіндер үшін) және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтарды жерлеуге;

      4) республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген жылға тиісті үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде санаторийлар мен оңалту орталықтарында денсаулығын түзеткен мүгедектерге қосымша әлеуметтік көмек;

      5) отыз мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы және Қазақ Советтік Социалистік Республикасының құрметті атақтарына ие болған зейнеткерлік жастағы тұлғаларға, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алушыларға немесе бұрын Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбектері үшін арнайы мемлекеттік зейнетақыны алған зейнеткерлерге және бұрын жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ерекше еңбектері үшін зейнетақыларына дербес қосымшалар алған зейнеткерлерге;

      6) комиссия шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға мерекелік, естелік және атаулы күндерге арналған біржолғы әлеуметтік көмек. Әрбір нақты күнге азаматтардың санаттары мен біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері комиссиямен анықталады.

      3. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік және біржолғы материалдық көмек төлемдерін ұйымдастыру туралы аудандық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілсін.

      4. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып анықталсын.

      5. Анықталсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді біржолғы әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссия қабылдайтындығы;

      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілік үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатындығын және өтініш берушінің қайтыс болғанына немесе оның аудан аумағының шегінен шығуына байланысты тоқтатылатындығын. Аталған оқиғалардың болған айынан кейінгі айдан бастап төлем тоқтатылатындығын;

      3) кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек (жұмыс істемейтін ата-аналар үшін) ата-ананың біреуіне тағайындалатындығын;

      4) жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтіне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендерге тағайындалатындығы;

      5) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек жерлеуді іске асырған тұлғаға тағайындалатындығы;

      6) жекелеген санаттағы азаматтарға мерекелік, естелік және атаулы күндерге арналған біржолғы әлеуметтік көмек қоғамдық ұйымдардың, өкілетті органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің қолдаухатының негізінде тағайындалатындығы.

      6. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін төлем "Қазақстан Халық банкі" акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалының Әулиекөл басқармасы немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалының Әулиекөл аудандық пошта байланысы торабы немесе "Банк Тұран Әлем – "Темірбанк" акционерлік қоғамы" акционерлік қоғамының еншілес ұйымының филиалы арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.

      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.

      8. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 54 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік және біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері реестірінде № 9-7-73 нөмірімен тіркелген, "Әулиекөл" газетінің 2008 жылғы 17 сәуірінде № 16 жарияланған) қаулысының, Әулиекөл ауданы әкімдіктің 2008 жылғы 20 тамыздағы № 228 "Әкімдіктің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 54 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік және біржолғы материалдық көмек төлеуді ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілері реестірінде № 9-7-80 нөмірімен тіркелген, "Әулиекөл" газетінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 37 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

      9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.

      11. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

Әулиекөл ауданының әкiмдігінің
2009 жылғы 12 наурызда       
№ 54 қаулысымен бекітілген   

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін (мерекелік күндерге төлемдерден басқасы) құжаттар болып табылады:
      әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеушінің куәлігінің көшірмелері.
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттілік үшін:
      Ұлы Отан соғысы мүгедегінің немесе қатысушының куәліктігінің көшірмесі;
      2) туберкулезбен ауырған адамға қосымша тамақтану үшін:
      баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      аурудың емханалық емдеуде болуын растайтын емдеу мекемесінен анықтама;
      3) жедел әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасылардың материалдық жағдайын тексеру актісі, емдеу мекемелерден анықтамалар, арнайы комиссиялардың немесе ТЖ бөлімшелерінің, ішкі істер бөлімінің актілері мен тұжырымдары;
      Өтініш беруші табыстар туралы мәліметтерді өз бетімен мәлімдейді және олардың дұрыстығына жауапкершілік тартады.
      4) кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі және қайтыс болуы туралы анықтама;
      баланың тууы туралы актілі жазбадан үзінді көшірме;
      5) қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі және қайтыс болуы туралы анықтама;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгендігін растайтын анықтама;
      қайтыс болған азаматтың тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ азаматтарды жерлеуге:
      қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі және қайтыс болуы туралы анықтама;
      учаскелік комиссияның тұжырымы;
      7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі.
      2. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады