Әулиекөл ауданының сауда қызметінің субъектілері үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 118 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамырда № 9-7-98 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 69 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.02.2013 № 69 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына сәйкес, Әулиекөл ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 1395 хатының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Кәсіпкерлік қызметі дүркін-дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2011.02.04 № 220 (алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      2. Әулиекөл ауданының базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, Әулиекөл ауданының базарларында тауарлар өткізуді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін сауда қызметінің біржолғы талондарының құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2011.02.04 № 220 (алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      3. Мәслихаттың 2005 жылғы 26 наурыздағы № 102 "Сауда қызметінің субъектілері үшін біржолғы талондардың құны туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 9-7-1 нөмірімен тіркелген, "Әулиекөл" газетінде 2005 жылғы 15 сәуірде жарияланған) бұрын мәслихаттың 2006 жылғы 23 ақпандағы № 174 "Мәслихаттың 2005 жылғы 26 наурыздағы № 102 "Сауда қызметінің субъектілері үшін біржолғы талондардың құны туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 9-7-32 нөмірімен тіркелген, "Әулиекөл" газетінің № 12 санында 2006 жылғы 24 наурызда жарияланған).
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сегізінші сессиясының төрағасы             А. Балғарин

      Аудандық мәслихаттың хатшысы             А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы қаржы
      Министрлігі салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша салық
      Департаментінің Әулиекөл ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Жақанов Аманжол Жомартұлы
 

Мәслихаттың        
2009 жылғы 21 сәуірдегі  
№ 118 шешіміне 1 қосымша 

Кәсіпкерлік қызметі дүркін-дүркін сипаттағы
жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2011.02.04 № 220 (алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

р/с
Кәсіпкерлік қызметтің түрі Біржолғы
талонның бір
күнгі құны
(теңге)


базарда

базардан
тыс

1

Сатуды (стационарлық үй-жайда
жүзеге асырылатын қызметтерді
қоспағанда):



газеттер мен журналдар,

130

130

тұқым, сондай-ақ отырғызылатын
материал (екпелер, көшет),

260

260

бақша дақылдарын,

260

260

саяжайларда және үй маңайындағы
учаскелерде өсірілген табиғи
гүлдерді,

130

130

қосалқы ауыл шарашылығы,
бағбандық, бақшашылық және
саяжай учаскелерінің өнімдерін,

130

130

жануарлар мен құстардың
жемдерін,

90

90

сыпыртқылар, сыпырғылар

15

15

орман жидегін,

50

50

бал,

260

260

саңырауқұлақ,

50

50

балық

130

130

2

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі
жеке меншікті трактор иелерінің
қызмет көрсетуі


260

3

Үй жануарлары мен құстарды жаю


110


Мәслихаттың        
2009 жылғы 21 сәуірдегі 
№ 118 шешіміне 2 қосымша 

Әулиекөл ауданының базар аумағындағы
дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы
(оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда,
Әулиекөл ауданының базардарында тауарлар өткізуді
жүзеге асырушы тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін сауда қызметінің біржолғы
талондарының құны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2011.02.04 № 220 (алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

р/с

Рыноктың атауы
және тауарлық
мамандануы

Өткізілетін
тауарлар тобы

Рыноктағы
сауда
орны

Біржолғы
талонның
бір күнгі
құны
(теңге)

1

2

3

4

5

1

"Әулиекөл-сервис"
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорынының
сауда рыногы
(әмбебап)

Өнеркәсіп
тауарлары

Сөре

140

Азық-түлік
тауарлары

Сөре

170

Көкөніс және
жеміс-көкөніс
өнімдері
(көтерме сауда)

Көлік
құралдарынан

350

Шараушылық
тауарлары

Сөре

180

Ет және ет
өнімдері

Сөре

200

Бұрын ұсталынған
тауарлар

Сөре

50

Қосалқы
бөлшектер

Сөре

55

Үй жануарлары

Базарда

250

Құс

Базарда

90

2

Құсмұрын
поселкесінің
сауда рыногы
(әмбебап)

Өнеркәсіп
тауарлары

Сөре

130

Азық-түлік
тауарлары

Сөре

150

Көкөніс және
жеміс-көкөніс
өнімдері
(көтерме сауда)

Көлік
құралдарынан

300

Шараушылық
тауарлары

Сөре

140

Ет және ет
өнімдері

Сөре

200

Бұрын ұсталынған
тауарлар

Сөре

30

Қосалқы
бөлшектер

Сөре

55

Үй жануарлары

Базарда

250

Құс

Базарда

90

3

"Төленгіт" шағын
сауда рыногы
(әмбебап)

Өнеркәсіп
тауарлары

Сөре

140

Азық-түлік
тауарлары

Сөре

170

Бұрын ұсталынған
тауарлар

Сөре

30

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады