Тіркелген бірынғай салығының ставкасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 105 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда № 9-8-110 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 30 қазандағы № 157 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009.10.30 № 157 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:

      1. Денисов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салығының бірынғай ставкалар белгіленсін. (қосымша беріледі).

      2. Мәслихаттың 2006 жылғы 6 қарашадағы № 49 "Тіркелген жиынтық салығының базалық мөлшерінің ставкасын бекіту туралы" (2006 жылдың 13 желтоқсанында № 9-8-52 мемлекеттік нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 5 қаңтарындағы № 1 "Наше время" газеті) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                   З. Досмұхамедова

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                      Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ

Мәслихаттың            
2009 жылғы 14 қаңтардағы
№ 105 шешіміне         
қосымша                

Айына салық салу бірлігіне тіркелген
салықтың бірынғай ставкасының мөлшері:


п/п

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың  ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысумен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады