Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 167 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда № 9-8-114 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 19 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру бойынша іс-шаралар туралы" Қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 167 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы" қаулысының қосымшасындағы 9 тармағы (мемлекеттік тіркеу Тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі 2007 жылғы 14 мамырдағы № 9-8-66 тіркелген, 2007 жылғы 8 маусымдағы № 23 "Наше время" аудандық газетінде жарияланған), өзгеріс әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 167 "Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына енгізілді (мемлекеттік тіркеу Тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі 2007 жылғы 2 шілдегі № 9-8-70 тіркелген, 2007 жылғы 13 шілдегі № 28 "Наше время" аудандық газетінде жарияланған) жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Тұруға және тамақтандыруға алынғандарды өтеу, кәсіби оқуға жіберілген жұмысыздарға беріледі:
      1) тұруға арналған - айына үш айлық есептік көрсеткіші;
      2) тамақтануға - айына төрт айлық есептік көрсеткіш".

      13 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. Уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операциялар түріне Қазақстан Респукбликасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, ұйымдар арқылы жұмыссыздардың жазбаша арызы негізінде жұмыссыздардың жеке есеп шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жетпеген жағдайда жұмыссыздарға әлеуметтік көмек тіркелген арыздың хронологиялық тәртібімен төленеді".

      2.Осы қаулының орындалуын бақылауды Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.

      3.Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов
      ауданының әкімі                            А. Кушнир

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады