Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 35 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 наурызда № 9-8-121 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 94 "2009 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" шешіміне сәйкес (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 9-8-107 болып тіркелген, аудандық "Наше время" газетінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 2, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4, 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 5 санында жарияланған) әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" атты бюджеттік бағдарламаны орындау мақсатында жергілікті бюджеттен келесі төлемдер белгіленсін:

      1) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен (бұдан әрі - заңымен) белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде қайтыс болған жасы кәмелетке толмағандарды жерлеуге қайтыс болуы туралы анықтамасының негізінде әлеуметтік көмек;

      2) заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге қайтыс болуы туралы анықтамасының негізінде әлеуметтік көмек;

      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төрт мың бес жүз теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;

      4) есеп айырысу құжаттар негізінде тексеру құнының жүз процент мөлшерінде, 18 жасына дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге әлеуметтік көмек;

      5) білім беру қызмет көрсетулер туралы шарт негізінде оқу құнының жүз процент мөлшерінде Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;

      6) заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде туберкулез ауруларын емдеуге, "Денисов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының емдеуші дәрігердің өтініші негізінде әлеуметтік көмек;

      7) уәкілетті органның комиссиясына құжаттар пакетін тапсырғандарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, 1, 2, 3 топ мүгедектері мен балалық шағынан мүгедектерге, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңделген тұлғаларға, заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек;

      8) ауданға келген біліктірілген мамандарға, заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз есе мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;

      9) заңымен белгіленген ай сайын, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұратын мүгедек-балаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;

      10) заңымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде дербес зейнеткерлерге және құрметті қызметкер атағы бар зейнеткерлерге бір жолғы әлеуметтік көмек;

      11) заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткішітің он есе мөлшерінде жалғыз қарт азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету.

      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      3. Мыналар белгіленсін:

      1) уәкілетті органмен әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім, құжаттар қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қабылданады;

      2) кәмелетке толмағандарды жерлеуге әлеуметтік көмек ата-аналарының біреуіне немесе өзге де заңды өкіліне беріледі, егер де еңбекке жарамды әкесі (асырап алушы) бала қайтыс болған күннен қарағанда уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген болса, анасының жұмыссыз деп тіркелу фактісі міндетті емес;

      3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек беріледі, егер де ол адам ресми түрде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса;

      4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек онымен бірге тұрған отбасы мүшелеріне, немесе жерлеу рәсімін жүргізген тұлғаларға беріледі;

      5) мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге әлеуметтік көмек отбасының кірісіне қарамастан мүгедек-баланың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкіліне беріледі;

      6) Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуға байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек білім берудің орталық атқарушы органымен жыл сайын кешендік тестілеуден белгіленген минималдық санынан төмен емес балл жинаған және мемлекеттік білім гранттар ала алмаған жалпы орта білім беру мекемелерінің бітірушілеріне тағайындалады және беріледі:
      аз қамтылған отбасыларынан;
      ата-аналары қамқорлығысыз қалған, оның ішінде жетім-балалар;
      көп балалы отбасыларынан (төрт және оданда көп, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар бар болса);
      бала кезеңінен мүгедек және 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерге, мүгедек балаларға;

      7) туберкулез ауруларына емделу үшін әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан өтініш берушіге (бала ауру болған жағдайда) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тағайындалады және беріледі;

      8) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, 1, 2, 3 топ мүгедектері мен балалық шағынан мүгедектерге, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңделген тұлғаларға табысына қарамастан біржолғы материалдық көмек көрсетуге әлеуметтік көмек төленеді;

      9) ауданға келген біліктірілген мамандарға бір жолғы материалдық көмек көрсетуге "Денисов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының өтініші бойынша, отбасының табысына қарамастан әлеуметтік көмек төленеді;

      10) үйдегі әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет көрсетуінде тұратын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі;

      11) дербес зейнеткерлерге және құрметті қызметкер атағы бар зейнеткерлерге әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан төленеді;

      12) жалғыз қарт адамдарға бір жолғы әлеуметтік көмек отбасының табысына қарамастан төленеді;

      Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.

      4. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) дербес есеп шотының көрсетілген өтініші;
      2) жеке басын куәләндыратын құжаттын көшірмесі;
      3) салық төлеушінінің нөмер куәлігінінің көшірмесі;
      4) жұмыссыз ретінде тіркелгені тіралы анықтама (жұмыссыздар үшін);
      5) осы қаулының 1 тармағы 1), 4), 6), 9); тармақшаларында көзделген, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      6) азаматтарды тіркеу кітабының немесе мекен-жайлық анықтамасының көшірмесі;
      7) осы қаулының 1 тармағы 3), 4), 7), 10), тармақшаларында көзделген, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      8) осы қаулының 1 тармағы 5), 7), тармақшаларында көзделген, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; аз қамтылған азаматтар, үндеу айының алдындағы тоқсан ішіндегі кірісті растау туралы құжаттың көшірмесі.

      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталған әрекетке таратылады.

      Денисов ауданы
      әкімінің міндетін атқарушы                 М. Мұратбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады