Әкімдіктің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 69 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № 140 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда № 9-8-131 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 205

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 28.06.2010 № 205.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 69 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Нұсқаулықты бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3447 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2005 жылғы 28 мамырда жарияланған) қаулысының, әкімдіктің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығына өзгерістерді енгізу туралы" қаулысы, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-87 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 6 санында жарияланған, әкімдіктің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 59 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9-8-90 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2008 жылғы 21 наурызда № 12 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      10 тармақ жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Мұратбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Д. Мұсылманқұлова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады