2009 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 41 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 3 наурызда № 9-9-97 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 92 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 22.04.2009 № 92 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі бекітілсін (қосымша қоса тіркелді).
      2. Жангелдин ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 230 "2008 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне 2008 жылғы 29 қаңтарда № 9-977 тіркелген аудандық "Біздің Торғай" газетінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 7 (7898) санында жарияланған) қаулының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің уақытша
      міндетін атқарушы                          Т. Аубакиров

      
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы       
Жангелдин ауданының   
әкімдігінің           
2009 жылғы 19 ақпандағы
№ 41 қаулысына қосымша

Халықтың нысаналы топтарына кіретін
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ұсынған мекемелердің
ТІЗБЕСІ

      1. "Жангелді коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      2. Жангелдин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің Жангелдин ауданы әкімдігінің "Болашақ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. "Заман-05" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады