Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2010.12.22 № 206 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы ШЕШТІ:
1. Жангелдин ауданының көлемінде базарларда бір күнге төленетін бір жолғы талон төлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық мәслихаты
кезектен тыс сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы Т. Даркенов
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Х. Зейнеке
08.04.2009 ж.
Мәслихаттың
2009 жылғы 8 сәуірдегі
№ 104 шешімімен бекітілген
Жангелдин ауданының көлемінде базарларда бір күнге
төленетін бір жолғы талондарының құны
№ |
Қызмет түрі |
Айлық есептік көрсеткіш (пайыз мөлшерінде) |
1 |
Өнеркәсіп тауарларын сату үшін (киім-кешек және шаруашылық тауарлары) |
14,1 |
2 |
Азық-түлік тауарларын сату үшін |
13,3 |
3 |
Қосалқы ауылшаруашылық өнімдерін (сүт тағамдары мен одан жасалған өнімдерін қымыз, май т.б.) сату |
9,4 |
4 |
Қосалқы бағбандық, басқа өнімдерін (көкөніс, жәміс және басқа да өнімдер) сату |
15,7 |
5 |
Қосалқы ауылшаруашылық өнімдерін (мал және құс етінің кез-келген түрін) сату |
20,2 |