Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 ақпанда № 9-9-113 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2012.08.07 № 157 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсiн.
      3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9–9–73 тіркелген, 2008 жылғы 12 ақпанында аудандық "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      __________________________ Л. Зейнекина

Әкімдіктің        
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 240 қаулысына қосымша  

Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы
топтарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2010.03.10 № 43 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      1)табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар;
      14. Елу жастан жоғары адамдар;
      15. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады