Қазақстан Республикасы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТI:
1. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тiркеу жылында он жеті жасқа толатын, Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарына 2009 жылдың қаңтар-наурызында тіркеудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Жітіқара ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірге:
1) Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына үміткерлер іріктеуге, оқу орындарына нарядты жеткiзуге;
2) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстардың басталғаны туралы аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялауға ұсыныс берілсін.
3. Селолар мен селолық округтер әкімдері, селолар мен селолық округтер әкімдері аппараттарының әскери есеп жөніндегі мамандарының бекітілген шығарып салу кестесіне сәйкес, талдаулар жүргізу мен куәландыру үшін шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың келуін қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаменті Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркелуден жалтарып жүргендерді іздестірумен және тауып әкелумен қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Қ.Р. Тұмановаға жүктелсін.
6. Шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.
Жітіқара ауданының
әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН