Бірыңғай салықтың ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 153 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 8 мамырда № 9-10-121 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 05.03.2018 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 12.12.2013 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Бірыңғай салықтың ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Жітіқара ауданының аумағында тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 403 мәслихат шешімінің күші жойылған деп таңылсын (нөмір 9- 10- 59 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 19 қаңтарда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған, оның алдында "Жітіқара ауданының аумағында тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 403 шешімге өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 15 мамырдағы № 438 мәслихат шешімімен өзгерістер енгізілген, нөмір 9-10-71 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 25 мамырда № 21 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      3.Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жітіқара аудандық
мәслихаты сегізінші
сессиясының төрағасы
З. Асадуллин
      Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
Г. Алпысбаева

      КЕЛІСІЛГЕН:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      Салық департаментінің Жітіқара
      ауданы бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі бастығы
      ________________ Қ. Қосмұхамбетов

  Мәслихаттың
2009 жылғы 22 сәуірдегі
№ 153 шешіміне қосымша

Белгілеген салықтың бірыңғай ставкалары

№ р/н

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бір бірлігіне тіркелген айлық салығының бірыңғай ставкалары (айлық есептік көрсеткішпен)

1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы

1

2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс автоматы.

2

3
Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер

1

4
Бильярд үстелі

5

5
Ойын жолы

5

6
Карт

2

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады