"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 153 "Бірыңғай салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-121 тіркелген, 2009 жылғы 15 мамырда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | А. Кабиев |
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Кененбаева |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша салық
департаментінің Жітіқара ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ Б. Шуинов