Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013.01.09 № 02-32/24 хатымен.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 – IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабы 6 тармағына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй – жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарлардағы бір күнгі саудаға арналған біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Базарлардағы бір күнгі саудаға арналған біржолғы талон құнын және салық салынатын объектінің бірлігінен белгіленген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы № 244 мәслихат шешімінің күші жойылған деп таңылсын (нөмірі 2140 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2003 жылғы 20 желтоқсанында "Авангард" газетінде жарияланған, оның алдында "Базарлардағы бір күнгі саудаға арналған біржолғы талон құнын және салық салынатын объектінің бірлігінен белгіленген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы № 244 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 тамыздағы № 205 мәслихат шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нөмірі 9-10-18 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, "Житикаринские новости" газетінде 2005 жылғы 3 қыркүйектегі № 9 жарияланған).
3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық
мәслихаты сегізінші
сессиясының төрағасы З. Асадуллин
Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы Г. Алпысбаева
КЕЛІСІЛГЕН
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша
Салық департаментінің Жітіқара
ауданы бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Қосмұхамбетов
Мәслихаттың
2009 жылғы 22 сәуірдегі
№ 151 шешіміне қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй–жайлардағы (оқшауланған блоктардағы)
сауданы қоспағанда, базарлардағы бір күнгі саудаға
арналған біржолғы талондардың құны
№ р/н |
Базар санаты | Қызмет түрі | Базарлардағы бір күнгі саудаға арналған біржолғы талондардың құны (теңге) |
---|---|---|---|
1. |
Шағын базар |
Өнеркәсіп тауарларын сату |
90 |
Азық–түлік тауарларын, жеміс және көкөніс сату |
130 |
||
Ет, ет өнімдерін сату |
130 |
||
Балық сату |
50 |
||
Сүт және сүттен жасалған бұйымдарды, саяжай өнімдерін сату |
25 |
||
2. |
Орталық базар |
Өнеркәсіп тауарларын сату |
100 |
Тұрмыстық химия тауарларын сату |
90 |
||
Өнеркәсіп тауарларын сату (шегелер, желім, шуруптар, баулар, лампочкалар) |
90 |
||
Газет сату |
40 |
||
Азық–түлік тауарларын сату |
130 |
||
Жеміс және көкөніс сату |
130 |
||
Ет, ет өнімдерін сату |
130 |
||
Балық сату |
100 |
||
Салаттар сату |
60 |
||
Сут және сүттен жасалған бұйымдарды, саяжай өнімдерін сату |
25 |