Ескерту. Күжі жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2012.02.10 № 20 шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса ұсынылған Жітіқара ауданы елді мекендерінің аумағын көркейту, жасыл желектерін күту мен қорғау Ережелері бекітілсін.
2. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық
мәслихаты кезектен тыс
сессиясының төрайымы Г. Талықбаева
Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы Г. Алпысбаева
КЕЛІСІЛГЕН
"Қазақстан Республикасы ішкі
істер Министрлігінің Қостанай
облысы ішкі істер Департаментінің
Жітіқара қаласы және Жітіқара
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Б. Жұмағалиев
"Жітіқара ауданының сәулет және
қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін атқарушы
_________________ М. Ковалевская
Қазақстан Республикасының қоршаған
ортаның күзет Министрлігі бақылауы
және экологиялық реттеу Комитетінің
экология Департаменті Қостанайлық
Тобыл-Торғай филиалының мемлекеттік
инспекторы ___________ М. Келиманов
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық
Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция Комитетінің
Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ С. Мажкеев
Қостанай облысының төтенше
жағдай бойынша Департаменті
Жітіқара ауданының төтенше
жағдай бойынша бөлімінің бастығы
________________ А. Нұрымбаев
"Қостанай облысы әкімдігі
Жітіқара ауданы мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Ж. Спабеков
Қазақстан Республикасының төтенше
жағдай бойынша Министрлігі Қостанай
облысының төтенше жағдай бойынша
Департаменті "Авариялық–құтқару
жұмыстары және өрт сөндіру қызметі"
мемлекеттік мекемесінің Жітіқара
ауданының № 5 өрт бөлімі бастығының
міндетін атқарушы
____________________ М. Торышев
Мәслихатының
2009 жылғы 9 шілдедегі
№ 192 мәслихат шешімімен
Бекітілген
Жітіқара ауданы елді мекендерінің
аумағын көркейту,жасыл желектерін күту
және қорғау Ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Жітіқара ауданының елді мекендер аумағын көркейту, жасыл желектерін күту және қорғаудың осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) көркейту саласындағы қатынастарды, жасыл желектерді қорғау мен ұстауды реттейді және де меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі түсініктемелер:
көркейту – адамның тұрған ортасында қолайлықты, жайлылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жұмыстар кешені. Берілген жұмыстар кешені аумақтарды жинауды ұйымдастыруды, объектілерді ұстауды, пайдалануды, жөндеу мен күзетуді ұйымдастыру және көркейту элементтерін қарастырады;
жасыл желектер – оларға арнайы бөлінген учаскелерде және алаптарда орналасқан: бақтар, парктер, бульварлар, скверлер, газондар, гүлбақтардағы ағаштар, бұталар, гүлдер, шөптік дақылдар.
3. Жітіқара ауданының елді мекендер аумақтарын көркейту мақсатында барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға рұқсат берілмейді:
1) тротуарларға, жаяу жүретін жолдарға, балалар алаңдарына және жол жиегі тастарына автокөліктердің өтуіне және қоюға;
2) жайылымдардан тыс, көшелерге, скверлерге, бақтарға, орманбақтарға, стадиондарға, мектеп алдындағы учаскелерге және басқа қоғамдық орындарына мал және құстарды жайлауға;
3) белгіленбеген жерлерде қалдықтарды лақтыруға;
4) тиісті емес жерлерге қалдықтарды шығаруға, сондай-ақ, оларды ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге көмуге;
5) тұрғын үй құрылысы аудандарында, скверлерде, парктерде қоқыстарды және табиғи қалдықтарды өртеуге;
6) қоғамдық тұтыну орындарындағы(соның ішінде балалар және спорттық алаңдар элементтері) ғимараттардың тұтастығын бұзуға;
7) Жітіқара қаласы 6 шағын ауданының скверінде орналасқан көлде және фонтандарда адамдардың және жануарлардың шомылуына;
4. Қоғамдық жерлерде, тазартылуы олардың толу шамасы бойынша жүргізілетін, урналар орналастырылады.
Урналар тазалығының сақталуын, өздеріне белгіленген аумақты жинастыратын ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер қамтамасыз етеді.
5. Елді мекеннің аумағын үй жануары былғаған жағдайда, жануар (лар) иесі (лері) оларды тез арада жинау жүргізуі тиіс.
6. Фонтандарды ұстауды пайдаланатын ұйым жүзеге асырады.
2. Инженерлік коммуникацияларды ұстау
7. Инженерлік коммуникацияны жүргізетін шаруашылық субъектілері елді мекеннің көркейту объектілерінің зақымдануына мүмкіндік туғызатын инженерлік жүйелердің және құрылғылардың техникалық жағдайын үнемі қадағалауы қажет, атап айтқанда:
1) аумақтың су басуын болдырмау;
2) люктердің қақпақтары, жер астындағы коммуникация құдықтарының жабыны қатты жабу деңгейінде орналасуын және дұрыс жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
3) монтаждау ережелерін сақтамағандықтан, қайта көму және пайдаланудан бұзылуы мүмкін жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақпен жабылуының жағдайын қадағалау;
4) сыртқы және топырақ суларына арналған каналдарды, құдықтарды, құбырларды және дренаждарды жинау және тазалау, нөсерлік канализациялардың коллекторларын, жаңбырқабылдағыш құдықтарды тазалау қажет болған жағдайда жүргізіледі.
3. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару
8. Тұрғын үйлер мен ұйымдардан, мекемелерден, сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану орындарынан және тұрмыстық қызмет аясы аумақтарынан тұрмыстық қалдықтарды шығару заңды және жеке тұлғалардың өз есебі қаражаттарынан жүргізіледі.
9. Аумақтарында қоқысты жинау алаңдары бар кәсіпорындарға, ұйымдарға, басқа субъектілерге:
1) осы алаңдарға кіреберіс және кіріс жолдарын жайластыру;
2) қалдықтарды шығаруға уақытында шарттар жасау;
3) контейнерлерде тұрмыстық қалдықтардың жағуын болдырмау.
10. Залалсыздандыруы мал қорымында жүргізілуге тиісті малдардың өліктерін, ет өндіру кәсіпорындары қасанханаларының қалдықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына шығаруға рұқсат етілмейді.
4. Жасыл желектерді күту және қорғау тәртібі
11. Құрылыс, жөндеу және басқа жұмыстарды жүргізгенде басшылық субъектілері мен жеке тұлғалар:
1) өкілетті органдармен келісіп жасыл желектердің көшіруін жасау;
2) автокөлік жолдарын, тротуарларды, жүру жолдарын, алаңдарды, төсеніш төсегенде және асфальттағанда, жасыл желектердің айналасында ұтымды ашық құнарлы кеңістікті құру мақсатында көлемі 1х1 метрден кем емес діңдік шұңқырлар қалдыру тиіс.
12. Жасыл желектер отырғызылған аумақтарда:
1) газондардың үстімен жүруге, ағаштарды, бұталарды кесу немесе сындыру тағы да басқа механикалық залалдар келтіруге;
2) жасыл желектерге тұз және басқа зиян заттарды қолдануға;
3) гүлдерді жұлуға, жемістерді түсіруге, топырақ, құм шығаруға;
4)науалармен, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен ластауға;
5) ғимараттар мен жабдықтарды қызметтік керек жарақтарды бүлдіруге;
6) автокөліктермен, мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы транспортты қоспағанда) жүруге;
7) газондарға транспорт құралдарын қою және тұрақ орнатуға;
8) от жағуға, басқа да өртке қарсы ережелерді бұзуға;
9) ағаштарға сым, әткеншек, жіптерді қадауға, жазу жазуға;
10) агрономикалық мерзімдерде белгіленбеген және кесу ережесін сақтамай ағаштардың ұштарын кесуге;
11) ағаштар мен бұталарды өз еркімен кесуге;
12) өз еркімен қоршау жасауға рұқсат етілмейді.
13. Жер пайдаланушылар, оларға берілген аумақтарда жасыл желектерді ұдайы өндіру және қорғауды қамтамасыз етуі, тазалық сақтауы және тәртіпті ұстануы керек.
5. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
14. Осы Ережелердің бұзылуы 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен қарастырылған жауапкершілікті тартады.