Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 20 "2009 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 72 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 сәуірде № 9-12-108 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 20 бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3 бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 20 "2009 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер реестріндегі нөмірі 9-12-93, аудандық "Айна" газетінің 2009 жылғы 20 ақпандағы ақпараттық бюллетенінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда берілсін:
      "1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері бекітілсін (1 қосымша)";
      "4 тармақтағы "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорына (келісім бойынша)" деген сөздерден кейін "Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалының директорына, "Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасына, жеке кәсіпкер Оганнес Оникович Петоянға" деген сөздермен толықтырылсын;
      қаулының 1 қосымшасындағы кіріспе бөлім "Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген" жойылсын;

      1 қосымшаның 1 тармағындағы "Осы нұсқау реттейді" сөздері "Осы Ереже реттейді" сөздерімен ауыстырылсын;

      1 қосымшаның 2 тармағындағы "осы нұсқаудағы" сөздері "осы Ережедегі" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін беретін кәсіпорындардың тізімінде (әрі қарай - Тізім):
      "Тоғызақ селосын көркейту және экологиялық сауықтыру" тарауда:

"Спорт алаңын жөндеу-1800 шаршы метр (аланды белгілеу, спорттық жабдықтарды сырлау)"

6

2

3

      жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Тоғызақ орта мектебін жөндеуге қатысу-410 шаршы метр (сылақтау, әктеу, сырлау)"

325

5

65

      Тізім келесі мазмұндағы 2, 3, 4 тармақтармен толықтырылсын:

2

"Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қостанай облыстық филиалы

Алматы-Екатеринбург трассасының 444 шақырымынан 374 шақырымына дейін ұзындығы 70 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдарына қызмет көрсету және ұстау (ағымды жөндеу, тазалау, көркейту, жол бойы аумақтарын көгалдандыру)

530

5

106

3

"Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қарабалық ауданының автомобиль жолдарына қызмет көрсету және ұстау (ағымды жөндеу, тазалау, көркейту, жол бойы аумақтарын көгалдандыру)

424

4

106

4

Жеке кәсіпкер Петоян Оганнес Оникович

Қарабалық ауданының автомобиль жолдарына қызмет көрсету және ұстау (ағымды жөндеу)

848

8

106

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Кәкімжановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады