Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 224 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасы негізінде Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тіркелген салықтық бірыңғай ставкалары бекітілсін:
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – айына 1 айлық есептік көрсеткіш;
2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойындарды өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – айына 1 айлық есептік көрсеткіш;
3) ойындарды өткізу үшін пайдаланатын, дербес компьютер – айына 1 айлық есептік көрсеткіш;
4) ойын жолы – айына 5 есептік көрсеткіш;
5) карт – айына 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) бильярд үстелі – айына 3 айлық есептік көрсеткіш.
2. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 277 "Тіркелген жиынтық салықтық бірыңғай ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу реестрінде нөмірі 9-12-27, "Айна" аудандық газетінде 2007 жылғы 11 қаңтарда жарияланды), мәслихаттың 2007 жылғы 23 мамырдағы № 328 "Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 277 "Тіркелген жиынтық салықтық бірыңғай ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу реестрінде нөмірі 9-12-49, "Айна" аудандық газетінде 2007 жылғы 31 мамырда № 22 жарияланды), күштері жойылды деп саналсын.
3. Мәслихаттың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 134 "Тіркелген салықтық бірыңғай ставкаларын бекіту туралы" шешімі жойылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сегізінші сессия төрағасы | С. Лысоченко |
Аудандық мәслихатының хатшысы | А. Төлебаев |