"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессия төрағасы | Г. Ягодин |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Тюлюбаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қарабалық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________________ М. Альмагамбетов
Мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 224 шешіміне қосымша |
Қарабалық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған тізбесі
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 147 "Тіркелген бірыңғай салықтық ставкаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-12-110 нөмірімен тіркелген, "Айна" аудандық газетінде 2009 жылы 14 мамырда жарияланған).
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 5 мамырдағы № 21 "Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6391 нөмірімен тіркелген, "Айна" аудандық газетінде 2016 жылы 2 маусымда жарияланған).
3. Мәслихаттың 2017 жылғы 27 маусымдағы № 154 "Мәслихаттың 2016 жылғы 5 мамырдағы № 21 "Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7141 нөмірімен тіркелген, эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 2 тамызда жарияланған).