Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 242 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қазанда № 9-12-120 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 05-10/468 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).

      Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабы 1-тармағының 1-3)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңның 14 бабының 4-тармағына1516 бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы", 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 107 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету Регламентін бекіту туралы" қаулыларына, Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде № 9-12-91 нөмірінде тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы "Айна" газетінде жарияланған, бұрын аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 49 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 16 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 117 "Қарабалық ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде № 9-12-106 нөмірінде тіркелген, 2009 жылғы 20 тамыздағы № 33 "Айна" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ келесі мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектің қосымша түрі, оның ішінде Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедек-балаларға білім беру қызметін көрсету шартының негізінде оқудың нақты құнының толық мөлшерінде".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық ауданының әкімі                  Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады