Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің 23.05.2014 № 1 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Өрнек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Өрнек ауылдық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атаулары қосымшаға сәйкес берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ. Әлмұхамедов
Өрнек ауылдық округі әкімінің
2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1
шешіміне қосымша
Өрнек ауылдық округінің елді мекендерінің құрамы бөліктеріне атауларын беру туралы
Өрнек ауылы:
1. М. Сералин көшесі
2. Абай көшесі
3. Р. Туркенов көшесі
4. Р. Ысқақов көшесі
Қарақопа ауылы:
1. М. Сералин көшесі
2. Озерная көшесі
3. Лесная көшесі
4. Желтоқсан көшесі
Первомай ауылы:
1. М. Сералин көшесі
2. А. Пряхин көшесі
3. Лесная көшесі