Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Өрнек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Өрнек селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" Өрнек ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қыркүйектеғі № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-122 тіркелген, 2009 жылғы 29 қазанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша
"селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өрнек ауылдық
округінің әкімі Б. Мендибаева