Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 76 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 8 мамырда № 9-13-83 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысын, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 157 қаулысын (мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 3677) орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пунктері ұйымдастырылсын.

      3. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері мыналарды жасасын:
      1) "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсеткен мерзімінде әскерге шақырушылардың құлақтандыруын, медициналық және шақыру комиссияны өту үшін олардың уақытында жетуін қамтамасыз етсін;

      2) әскери қызмет өткеру үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.

      4. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Қарасу аудандық орталық ауруханасы" (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Октябрь селолық ауруханасы" (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында аудандық медициналық комиссияларын дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюорография таспасы мен химиялық реактивтермен жиынтықтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруы ұсыныс етілсін.

      5. Шақыруды сапалы және ұйымдастырылған түрде өткізу үшін мемлекеттік мекемелер қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлерді берсін.

      6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде мыналарды жасауға ұсыныс етілсін:
      1) өз шеңберінің шегінде әскери қызметтен жалтарып жүргендерді іздестіру мен ұстауды жүргізсін;

      2) шақыру пунктерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін полиция нарядын бөлсін;

      3)әскерге шақырылушыларды "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін.

      7. Құлақтандыру, шақыруды өткізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру пунктіне, облыстық жиын пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындалуымен байланысты шығыстар қарастырылған қаржы бөлімдердің шеңберінде аудандық бюджеттің қаражаттар есебінен өткізілсін.

      8. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлімдер есебінен шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландыруды жүзеге асырсын.

      9. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 66 қаулысының күші жойылсын.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б. Қ. Бекеновке жүктелсін.

      11. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2009 жылғы сәуірде туындаған іс-әрекетке таралады.


      Қарасу
      ауданының әкімі                            Қ. Ахметов

      
      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер
      департаменті Қарасу ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________С. Нұртаев


      "Қостанай облысы Қарасу ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің бастығы"
      ____________________А. Мұқашев


      "Қостанай облысы білім басқармасының
      № 7 кәсіптік лицейі" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      ____________________М. Носаченко


      Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық
      сақтау басқармасы "Қарасу аудандық
      орталық ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық кәсіпорны
      бас дәрігерінің міндетін атқарушы
      ____________________Б. Шымпейісов


      Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық
      сақтау басқармасы "Октябрь селолық
      ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      _____________________С. Төкебаев


Әкімдіктің            
2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 76 қаулысына қосымша

Шақыру кезеңінде техникалық жұмыскерлерді
беретін мекемелер мен ұйымдардың тізімі

Р/с

Мекемелердің

атауы

Адамдар

Саны

Мерзімдер

1

"Қарасу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

2009 жылғы 1 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін

2

"Қостанай облысы білім басқармасының № 7 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

1

2009 жылғы 1 мамырдан бастап 30 мамырға дейін

3

"Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

2009 жылғы 2 маусымнан бастап 30 маусымға дейін

4

"Қарасу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

2009 жылғы 1 қазаннан бастап 31 қазанға дейін

5

"Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1

2009 жылғы 3 қарашадан бастап 28 қарашаға дейін

6

"Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі

1

2009 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсанға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады