Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Ауылдық (селолық) мекенде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет азаматтық қызметкерлеріне лауазымдық жалақы мен тарифтік ставкалар мөлшерін жиырма бес пайыздан кем емес көтеру қалалық жағдайда осы қызмет түрлерімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің еңбекақылары мен еңбекақы мөлшерін салыстыру бойынша 2010 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен 2010 жылдың 1 қаңтарынан белгіленсін.
2. Осы шешім баспасөзде алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған іс-әрекеттерге таратылады.
Қостанай аудандық мәслихатының
оныншы сессиясының төрағасы А. Фищук
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы А. Досжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімиятының
"Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы З. Кенжегарина