Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 196 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 8 маусымда № 9-15-112 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2012.01.24 № 7 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 бабының 1 тармағының, 422 бабының 2 тармағының, "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабының 1 тармағының 1) тармақшасы мен 6 тармағына және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасының негізінде Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
       1. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне салық ставкасын базалыққа қатысты 10 есе ұлғайту белгіленсін.
       2. Біржолғы талон құны бір күнгі сауда мен қызмет көрсетуге төмендегідей белгіленсін:
      газеттер мен журналдар, тұкым, сондай-ақ, отырғызылатын материал (екпелер, көшет) бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, косалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (станционарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) - 6 % айлық есептік көрсеткіш;
       жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі - 20 % айлық есептік көрсеткіш.
       3. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшері белгіленсін:
      1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш;
       2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш;
       3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
       4) ойын жолы – 5 айлық есептік көрсеткіш;
       5) карт – 2 айлық есептік көрсеткіш;
       6) бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш.
       4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Молдашев

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В.Леонов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Меңдіқара ауданы бойынша салық
      басқармасының бастығы
      _______________ Г. Нұрахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады