"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-15-99, 2009 жылғы 12 ақпандағы "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері.";
мынадай мазмұндағы 17, 18–тармақтармен толықтырылсын:
"17. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар.
18. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқаруына байланысты босатылған адамдар.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Жақыпов
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдiқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ С. Плотникова
2009.07.29 ж.