Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы № 38 "2009 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, кәсіпорынды бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 27 сәуірде № 9-16-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы", мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі нөмiрi 9243, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдiгiнiң 2009 жылғы 11 наурыздағы № 38 "2009 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, кәсіпорынды бекіту туралы" (нормативтік құқтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі нөмiрi 9-16-90, № 2 "Науырзым тынысы" аудандық газетiнде 2009 жылғы 20 наурызда жарияланды) қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының қосымшасына осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                           Т. Ташмағамбетов

      
Науырзым ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 сәуірдегі   
№ 53 қаулысымен бекітілген

2009 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздарға
арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі,
қоғамдық жұмыстарды жүргізетін кәсіпорын

      РҚАО ЕСКЕРТУ. Кестені қағаз мәтінінен қараныз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады