"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын басшылыққа алып ШЕШТIМ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. Сарыкөл кентiнде тiркеу пунктi ұйымдастырылсын.
3. "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынның бас дәрiгерiне (келiсiм бойынша) "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп тiркеу жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз етуге кепiлдеме берiлсiн.
4. Ауылдық округтер және Сарыкөл кентiнiң әкiмдерi:
1) тiркеудi өту үшiн комиссияға азаматтардың келуiн қамтамасыз етсiн;
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесiне жеткiзу үшiн ерiп жүретiн тұлғаларды берсiн, апарғанда жазатайым оқиғаларды болдырмау үшiн шараларды қолдансын.
5. "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаржы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскерге шақыру учаскелерiне тіркеуге байланысты іс-шараларының қаржыландырылуын "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң шығыс сметасында ескерiлген қаржы бөлу есебiнен жүзеге асырсын.
6. Осы шешiм ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сарыкөл ауданының әкiмi Қ. Ғабдулин
КЕЛIСIЛДI