2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 ақпанда № 9-18-78 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізімі бекітілсін:
      1) аз қамтылғандар;
      2) кәмелет жасқа толмаған балалары бар, көпбалалы немесе жалғызбасты ата-аналар;
      3) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар;
      4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      5) жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата–аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      6) зейнеткерліктің алдындағы жастағы тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуға дейін екі жылы бар);
      7) мүгедектер;
      8) бостандығынан айырылған немесе емделуге мәжбүр еткен жерлерден босатылған тұлғалар;
      9) Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарынан босатылған тұлғалар;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрдайым күтім, көмек немесе бақылау қажет ететіндердің қатарына жататын тұлғаларды асырайтын азаматтар;
      11) оралмандар;
      12) елу жастан асқан тұлғалар;
      13) ұзақ уақыт (жылдан астам) жұмыс істемеген азаматтар;
      14) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жиырма үш жасқа дейінгі түлектері, сонымен қатар жұмыс өтілі жоқ өткен жылғы түлектер;
      15) бұрын жұмыс істемеген азаматтар;
      16) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      17) алынып тасталды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.10.27 № 320;
      18) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, сонымен қатар оқу орындарының түлектері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.04.27 № 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.06.02 № 155 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.10.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
      2. "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      1) халықтың нысаналы тобына тiркелген жұмыссыздардың, бос орындарға және бос жұмыс орындарына, кәсіптік дайындауға, біліктігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға және басқа да әлеуметтік қорғау іс-шараларын көрсетуге басымды құқықтарының болуын қамтамасыз етсін;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтылуының ай сайынғы мониторингін жүргізіп отырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран
      ауданының әкімі                           А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады