"2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 320 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қазанда № 9-18-98 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-18-78, 2009 жылғы 19 ақпанда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған, бұрын: 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 119 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына толықтыру енгізу туралы", нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-18-88, 2009 жылғы 14 мамырдағы № 19 "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған, 2009 жылғы 2 маусымдағы № 155 "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-18-93, 2009 жылғы 2 шілдедегі № 26 "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің қаулыларымен өзгерістер мен толықтыру енгізілген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      17) тармақшасына алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданының әкімі                    А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Л. Өтешева
      2009.10.27

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады