"2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 155 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 29 маусымда № 9-18-93 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріндегі нөмірі 9-18-78, 2009 жылы 19 ақпанда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған), бұрын "2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 24 қаулысына толықтыру енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 119 қаулысымен толықтыру енгізілді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Реестріндегі тіркеу нөмірі 9-18-88, 2009 жылғы 14 мамырдағы "Шамшырақ" аудандық газетінің № 19 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 14), 16), 18) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "14) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жиырма үш жасқа дейінгі түлектері, сонымен қатар жұмыс өтілі жоқ өткен жылғы түлектер;
      16) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      18) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, сонымен қатар оқу орындарының түлектері.".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. М. Бермағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Л. Өтешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады