Сотталғандарды қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 ақпандағы № 39 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 9-19-91 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 29.01.2015 № 20 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 42 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сотталғандарды қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыруға үшін қоғамдық жұмыс түрлері анықталсын (қосымша).
      2. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-орындаушы жүйенің Комитет басқармасының Ұзынкөл ауданының қылмыстық атқару инспекциясының бас инспекторы – бас маманына (келісім бойынша) қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып сотталғандарға бақылау жасауды жүзеге асыруға ұсыныс берілсін.
      3. алынып тасталды Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010.06.14 № 208 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Н.К. Қабылдинға жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 03.02.2014 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданның әкімі                             А. Сейфуллин

Ұзынкөл ауданы әкімдігінің  
2009 жылғы 27 ақпандағы № 39 
қаулысына қосымша       

Қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылып
сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға
арналған қоғамдық жұмыстардың тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2009.09.29 № 218 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 03.02.2014 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


т/т
Жұмыстардың түрлері

1.

алынып тасталды 2009.09.29 № 218 қаулысымен.

2.

Аудан аумағын қандай болса да арнайы дайындықты талап етпейтін көгалдандыруға және жинау:
Жолды, автокөлік аялдамаларын, мұздан, қардан
тазарту, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау;
жолдардан қоқысты, шаңды, ласты қолмен жинау,
тасымалдау (көлікке тиеу, түсіру) тазалық жасау;
алдын ала тазалау және ақбалшық езіп дайындау
арқылы жол жиегінің тастарын ақтау-сырлау;
газондарды үнемі қоқыстан тазарту; су бұрғыш
каналдарын ластан, қоқыстан тазарту, бұтақшаларды
шырпуға; урнаны үнемі қоқыстан тазарту; бұталарды
қолдап шырпу және сиректету; ағаштардың қурап
қалған бұтақшаларын шырпу; ағаштардың құрғақ
бұтақшаларын шырпу; газондарды қолдап ору; аудан
алаңын үнемі тазалау; парктер аумағының қоқысын
қолдап көлікке тиеу арқылы жинау; жол жиегін,
баспалдақтарды сыпыру, әк таспен ақтау; су тоғаны
баурайларын қоқыстан, ластан тазалау, өскен
бұталарды кесу; кіші нысандағы: төбешіктерді,
отырғыштарды майлы сырлау.

3.

Аудан орталығын, ауылдық округтер мен ауылдар аумағын қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтін жинау мен көгалдандыруға көмек көрсету: қоқыс жинау; ағаштардың бұтақшаларын қырқу; ағаштардың жас бұтақшаларын қырқу; гүл орындарын дайындау; аумақтарды жусаннан, қурайдан маусымдық жинау; ағаш-көшеттерді, бұталарды отырғызу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады