Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 29.01.2015 № 20 қаулысымен.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 39 "Сотталғандарды қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартып жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыс түрлерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-91 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 қарашада "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Н.К. Қабылдинға жүктелсін";
көрсетілген қаулының қосымшасында 3-жол мемлекеттік тілінде жаңа редакцияда жазылсын:
"Аудан орталығын, ауылдық округтер мен ауылдар аумағын қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтін жинау мен көгалдандыруға көмек көрсету: қоқыс жинау; ағаштардың бұтақшаларын қырқу; ағаштардың жас бұтақшаларын қырқу; гүл орындарын дайындау; аумақтарды жусаннан, қурайдан маусымдық жинау; ағаш-көшеттерді, бұталарды отырғызу.", орыс тіліндегі қосымшасы өзгеріссіз қалады.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл
ауданының әкімі Т. Ташмағамбетов
Қостанай облысы бойынша
"Қылмыстық–атқару жүйесі
департаменті Ұзынкөл
аудандық" қылмыстық-атқару
инспекциясының бөлімі бастығы
__________________ Б. Айсенов