Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 28 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Ұзынкөл ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде 9-19-87 тіркелген, "Нұрлы жол" газетінде 2009 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 111 шешіміне сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 111 "Ұзынкөл ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде 9-19-102 тіркелген, "Нұрлы жол" газетінде 2009 жылғы 28 мамырда жарияланған) әкімдіктің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 77 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 тармақты 11), 12) келесі мазмұндағы тармақшаларымен толықтырылсын:
"11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тиісті жылға ай сайын республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс пайыз көлемінде тұрмыстық қажеттіліктеріне және бір жолғы жиырма жеті мың жүз теңге";
"12) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне мерзімді баспасөз жазылысына";
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтардан туындаған іс-қимылдарға таратылады.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин