"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 57 қаулысына (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-19-96 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 сәуірдегі "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
3 тармақтың 2) тармақшасы, 5 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) халықтың мақсатты топқа кіретін тұлғаларды, жұмыссыздарды және қолданыстағы заңнамамен белгіленген тұлғаларды жіберу, оларды өткізуге арналған 2009 жылғы аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде жүзеге асырсын";
"1) жұмыссыздарға және қолданыстағы заңнамамен белгіленген тұлғаларға арналған уақытша жұмыс орындары берілсін".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Сейфуллин
КЕЛІСІЛДІ
"Ұзынкөл орталық аудандық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, бас дәрігер
______________ К. Ержанов
02 қараша 2009 жылғы
"Қайранкөл" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, директордың
міндетін атқарушы
_________ М. Мұстафин
02 қараша 2009 жылғы