Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 13 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда № 9-19-119 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес, ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тiркеуді 2010 жылғы қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
      2. "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына (келiсiм бойынша) "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен бірге (келiсiм бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
      3. "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге (келiсiм бойынша) ұсынылсын:
      1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге нарядты оқу орындарына жеткізсін;
      2) жұмысты бұқаралық ақпараттық құрал арқылы ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарлану берілсін;
      3) әскери оқу орындарына түсуге әскери кәсіптілік бағытында болу мақсатымен тіркеу уақытында әрбір әскерге шақырылатындарымен жеке әңгімелесу жүргізілсін;
      4. Ұзынкөл ауданының селолық округтерінің, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері тіркеуге жататын, тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру участкесіне келуін қамтамасыз етсін.
      5. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына 122005000 "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар" бағдарламасымен көзделген қаражаттар шегiнде Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз етуге байланысты iс-шаралардың қаржыландырылуын жүргізу ұсынылсын.
      6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) мыналар ұсынылсын:
      1) тіркелуден бас тартып жүрген тұлғаларды ұстауды және іздестіру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсiн.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В.Слесарьға жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі                    А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі, бастық
      __________________ А.Бараншина
      2009 жылғы 21 желтоқсан

      "Қазақстан Республикасы ішкі істер
      Министрлігі Қостанай облысының ішкі
      істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастық
      __________________ А. Елисеев
      2009 жылғы 21 желтоқсан

      "Ұзынкөл ауданының қорғаныс
      iстерi жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесi, бастық
      _______________ Ү. Оразалиев
      2009 жылғы 21 желтоқсан

      "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
      кәсiпорны, бас дәрiгер
      ___________________ Қ. Ержанов
      2009 жылғы 21 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады