"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100–IV Заңының 36–бабының 6–тармағына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Базар аумағындағы дүңгіршектендегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда бір күнгі сауда бойынша біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" мәслихаттың 2003 жылғы 27 мамырдағы № 123 шешімі (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркетіліміндегі Тізілімінде тіркелген нөмірі 2334, 2003 жылғы 25 шілдедегі "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті
сессияның төрайымы М. Педан
Аудандық
мәслихаттың хатшысы С. Сералинова
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Н. Құттығожин
23.07.2009 ж.
Мәслихаттың
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 189 шешіміне қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектендегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы)
сауданы қоспағанда бір күнгі сауда бойынша
біржолғы талондардың құны
Реттік нөмірі |
Қызметпен айналысу түрі |
Бір күнге тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштен пайыздық мөлшері |
---|---|---|
1 |
Өнеркәсіп |
10 |