Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 қаңтарда N 3154 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 369/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.10.2013 N 369/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындардағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау комиссиялары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерінде белгіленген бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде ақылы оқытуға қабылдау үшін қажетті ұпай санын жинаған және мемлекеттік грантты немесе кредитті ала алмаған талапкерлердің тізімін тиісті жылдың 10 тамызына дейін облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.09.21 N 198/14 Қаулысымен.
      3. Қалалар мен аудандар әкімдері:
      жергілікті жерлерде еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерге іріктеу жүргізу жөніндегі комиссияларды (бұдан әрі – үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссиялар) құрылсын;
      жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті алуға іріктеуден өткен үміткерлер тізімін, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілерін, сондай-ақ Нұсқаулықта қарастырылған қажетті құжаттарды облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті жылғы 15 тамызға дейін ұсынсын.
      4. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тиісті жылғы 19 тамызға дейін жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына Нұсқаулықта қарастырылған қажетті кұжаттарды ұсынсын.
      5. Комиссия тиісті жылғы 23 тамызға дейін аталған әлеуметтік көмекті алушылардың соңғы тізімдерін дайындасын және жоғары оқу орындарға жіберсін.
      6. Қосымшаға сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.09.21 N 198/14 Қаулысымен.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсан
N 236/18 қаулысымен 
бекітілді       

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп
түлектеріне облыстық жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын
төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тәртібін анықтайды.

2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

      2. Жан басына шаққандағы табыс облыс бойынша (тиісті жылдың II тоқсаны) белгіленген күнкөріс минимумының мөлшерінен аспайтын, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы орта білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек (бұдан әрі – Әлеуметтік көмек) конкурстік негізінде Комиссия шешімі бойынша тағайындалады. Олардың тұратын жерлерін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілері білімі туралы диплом алғанға дейін жоғары оқу орнында оқыған барлық кезең үшін Әлеуметтік көмек тағайындағанда бір рет жасалады.
      3. Кешенді тестілеуде 45 ұпайдан кем жинаған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін Әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
      Жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін Әлеуметтік көмекті алуға үміткерлердің іріктелуі жинаған ұпайдың ең жоғары саны бойынша жүргізіледі. Ұпайлары тең болғанда жалпы білім беру мектебін бітіргені туралы үздік аттестатын иеленуші басымды құқылы болады.

3. Әлеуметтік көмектің мөлшері

      4. Әлеуметтік көмек облыстың тиісті оқу орындағы нақты оқу құны мөлшерінде көрсетіледі.
      5. Қосымша оқитын студенттерге тұруына, тамақтануына және жол ақысына ай сайын 15 235 теңге мөлшерінде тағайындалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.05.14 N 141/5 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Әлеуметтік көмекті тағайындау
үшін қажетті құжаттар тізімі

      6. Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш;
      2) Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша аз қамтамасыз етілген және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлек отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе адрестік бюро анықтамасы;
      4) жұмысқа қабілетті (жұмыс істеуші) отбасы мүшелерінің жұмысақысы туралы анықтама немесе жұмыс істейтіндердің еңбек кітапшаларының көшірмесі (аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жалпы білім беру мектеп түлектері үшін);
      5) ата-аналарының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектеп түлектері үшін);
      6) қамқоршы тағайындау туралы шешім (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектеп түлектері үшін);
      7) Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес өңір үшін осы санаттағы маманды даярлау қажеттілігі туралы, оны жұмысқа орналастыру кепілдігімен қала немесе аудан әкімінің қолдаухаты;
      8) салық төлеушінің тіркелу нөмірі.
      7. Осы әлеуметтік көмекке үміткер отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актілерін қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жасайды.
      Әлеуметтік көмекті алған тұлға Комиссия шешімі негізінде қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қосымша мәліметтер:
      тұрғылықты жері бойынша Халық банк филиалында ашылған жеке есеп шотының нөмірін;
      білім беру қызметтерін көрсетуге үш тарап қол қойған үш жақты шартты ұсынады.

5. Есеп жүргізу мен есеп беру

      8. Әлеуметтік көмекті алған тұлғалар ақшалай қаражаттың жеке есеп шоттарына түскеннен кейін, алған сомасын оқуды төлеу үшін жоғары оқу орнына өткізеді және төлем туралы анықтаманы қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсынады.
      9. Жыл сайын жоғары оқу орындары аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Әлеуметтік көмек алушы студенттердің келесі курсқа көшкені және оқудан шығарылуы туралы бұйрықтардың көшірмелерін облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынады.
      Жоғары оқу орындары әлеуметтік көмек алушының мекенжайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тиісті бұйрықтың шығарылуына дейін студенттің оқудан шығарылуы туралы 30 күн бұрын хабардар етеді
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.09.21 N 198/14 Қаулысымен.
      10. Әлеуметтік көмек алушы жоғары оқу орнынан шығарылған жағдайда төленген әлеуметтік көмек сомасы өндіріліп алынбайды.
      Оқу сессиясының қорытындысы бойынша жылына екі рет Комиссия шешімімен шығарылған студенттің орнына осы жоғары оқу орнында "жақсы" және "үздік" бағаға оқитын, ректорат ұсынған аз қамтамасыз етілген отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студентке оқу құқығы беріледі, аталған студенттің оқуын төлеу белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы 
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
жалпы білім беретін мектеп түлектеріне
жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу
үшін әлеуметтік көмек тағайындау   
жөніндегі нұсқаулыққа       
1- қосымша             

(Қаланың, ауданның) әкіміне
_____________________________
_____________________________
мекенжайында тұратын  
_____________________________
_____________________________
аты-жөні        

Өтініш

      Маған_________________________________________________________
                        (жоғары оқу орнының атауы)
      ____________________________________________ мамандығы бойынша
      оқу ақысын төлеу үшін аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы
      және жетім студенттерге бөлінетін әлеуметтік көмекті
      тағайындауыңызды өтінемін.
      Осы әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттарды қоса беріп отырмын.

      Өтініш иесінің қолы:
      Күні:

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы 
білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу
орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік
көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа   
2-қосымша                

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы
білім беретін мектеп түлектерінің әлеуметтік
тұрмыстық тұру жағдайын зерттеу актісі
200__ жылғы________________________

      1. Аты-жөні___________________________________________________
      2. Туған жылы_________________________________________________
      3. Мекенжайы, тел.____________________________________________
      4. Отбасы құрамы:_____________________________________________
      ______________________________________________________________
      5. Отбасы құрамының мүшелерінің жұмысақысы, жәрдемақысы,
       зейнетақылары:_______________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      6. Ата-аналарының, қамқоршыларының жеке иеліктерінде не бар:
      (жылжымалы, жылжымайтын мүлік, қосалқы шаруашылық)
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      7. Отбасының жиынтық табысы (әр адамның табысы көрсетілсін):___
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      8. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайының жай-күйі:____________________
      _______________________________________________________________
      9. Коммуналдық қызметтер үшін төлем сомалары:__________________
      10. Қандай жеңілдіктерді пайдаланады: _________________________
      _______________________________________________________________
      11. Жеке төлқұжат мәліметтері:_________________________________
      12. Қосымша мәліметтер:________________________________________
      _______________________________________________________________
      13. Тексеру актісі жөніндегі қорытындысы_______________________
      _______________________________________________________________
      Тексерушінің қолы:_____________________________________________

Ескерту: 5-7 тармақтар тек қана аз қамтамасыз етілген отбасылары түлектері үшін толтырылады.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және 
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы  
білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу
орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік
көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулыққа   
3-қосымша               

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және   
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім 
беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы
оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмекті тағайындау
жөніндегі облыстық комиссия төрағасына      

ҚОЛДАУХАТ

________________________________әкімі өңір үшін осы сала мамандарының
        қала (аудан)
      қажеттілігіне байланысты _____________________________________
      _________________________________ жоғары оқу орындарындағы
       ___________________________________________ мамандығы бойынша
      ______________________________________________________ тұратын
                        (мекенжайында)
      ______________________________________________ санатына жататын
          (жетім, аз қамтамасыз етілген отбасы)
      _______________________________________________________________
                              (аты-жөні)
      әлеуметтік көмек бөлу қажеттігі туралы өтініш жасайды.
      Кейіннен жұмысқа орналастыруға кепілдік беремін.

      Қала (аудан) әкімі                        ___________________
                                                         қолы

Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсан 
N 236/18 қаулысына   
қосымша         

Облыс әкімдігінің күші жойылды деп
танылатын қаулыларының тізбесі

      1. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2621 болып тіркелген, 2004 жылғы 8 шілдедегі "Сарыарқа самалы" газетінің N 80, 2004 жылғы 6 шілдедегі "Звезда Прииртышья" газетінің N 78 сандарында жарияланған).
      2. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 1 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 249/6 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3042 болып тіркелген, 2005 жылғы 1 қазандағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 111 санында жарияланған).
      3. Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 12 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 284/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3049 болып тіркелген, 2005 жылғы 29 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 122 санында жарияланған).
      4. Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 9 тамыздағы "Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 226/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3072 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 қазандағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 114, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі "Звезда Прииртышья" газетінің N 100 сандарында жарияланған).
      5. Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 19 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 283/11 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3075 болып тіркелген, 2006  жылғы 18 қарашадағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 134, 2007 жылғы 18 қарашадағы "Звезда Прииртышья" газетінің N 133 сандарында жарияланған).
      6. Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 10 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата–анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 213/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3093 болып тіркелген, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Сарыарқа самалы" газетінің N 98, 2007 жылғы 23 тамыздағы "Звезда Прииртышья" газетінің N 97 сандарында жарияланған).
      7. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 220/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3122 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 қыркүйектегі "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 99 сандарында жарияланған).
      8. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 167/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3144 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қыркүйектегі "Сарыарқа самалы" газетінің N 107, 2009 жылғы 17 қыркүйектегі "Звезда Прииртышья" газеттерінің N 106 сандарында жарияланған).

О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях

Постановление акимата Павлодарской области от 25 декабря 2009 года N 236/18. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 29 января 2010 года N 3154. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 21 октября 2013 года N 369/12

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 21.10.2013 N 369/12.

      В соответствии с подпунктом 17) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях оказания социальной помощи отдельным категориям граждан акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить:
      прилагаемую Инструкцию по назначению социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях (далее - Инструкция).
      2. Приемным Комиссиям при высших учебных заведениях (по согласованию) до 10 августа соответствующего года представлять в управление координации занятости и социальных программ области списки абитуриентов, набравших в сумме при едином национальном тестировании количество баллов, необходимое для зачисления на платное обучение, установленное Типовыми правилами приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2007 года N 638, и не получивших государственный образовательный грант или кредит.
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления акимата Павлодарской области от 21.09.2010 N 198/14.
      3. Акимам городов и районов:
      создать на местах комиссии по проведению отбора претендентов на получение социальной помощи для оплаты обучения в высших учебных заведениях согласно потребности рынка труда (далее - комиссии по отбору претендентов);
      представлять списки претендентов, прошедших отбор на получение социальной помощи для оплаты обучения в высших учебных заведениях, акты обследования социально-бытовых условий их проживания, а также иные необходимые документы, предусмотренные Инструкцией, в управление координации занятости и социальных программ области до 15 августа соответствующего года.
      4. Управлению координации занятости и социальных программ области до 19 августа соответствующего года представлять на рассмотрение областной комиссии по назначению социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях (далее - Комиссия) необходимые документы, предусмотренные Инструкцией.
      5. Комиссии до 23 августа соответствующего года готовить и направлять в высшие учебные заведения окончательные списки получателей указанной социальной помощи.
      6. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата области согласно приложению.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      8. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Галимову А. К.
      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления акимата Павлодарской области от 21.09.2010 N 198/14.

      Аким области                               Б. Сагинтаев

Утверждена        
постановлением акимата    
Павлодарской области     
от 25 декабря 2009 года N 236/18

Инструкция по назначению социальной помощи выпускникам
общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и
оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения
в высших учебных заведениях

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция детализирует условия предоставления социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях.

2. Условия назначения социальной помощи

       2. Социальная помощь для оплаты обучения в высших учебных заведениях выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей, среднедушевой доход в которых не превышает установленной по области величины прожиточного минимума (II квартал соответствующего года), и выпускникам, оставшимся без попечения родителей, (далее - Социальная помощь) назначается на конкурсной основе по решению областной комиссии по назначению социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях (далее - Комиссия). Акты обследования социально-бытовых условий их проживания составляются один раз при назначении Социальной помощи за весь период обучения в высшем учебном заведении до получения диплома об образовании.
      3. Не допускается назначение Социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, набравшим в сумме при едином национальном тестировании менее 45 баллов.
      Отбор претендентов на получение социальной помощи для оплаты обучения в высших учебных заведениях производится по максимальному количеству набранных баллов. При равенстве баллов преимущественное право имеют обладатели аттестатов об окончании общеобразовательных школ с отличием.

3. Размер Социальной помощи

      4. Социальная помощь оказывается в размере фактической стоимости обучения в соответствующем учебном заведении.
      5. Обучающимся студентам ежемесячно дополнительно назначается социальная помощь на проживание, питание и проезд к месту жительства в размере 15 235 тенге.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлением акимата Павлодарской области от 14.05.2012 N 141/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Перечень документов, необходимых
для назначения социальной помощи

      6. Лицо, претендующее на получение Социальной помощи, представляет в городской или районный отдел занятости и социальных программ следующие документы:
      1) заявление по форме согласно приложению 1 к Инструкции;
      2) акт обследования социально-бытовых условий проживания выпускника общеобразовательной школы из малообеспеченной семьи и оставшегося без попечения родителей, по форме согласно приложению 2 к Инструкции;
      3) книгу регистрации граждан или справку с адресного бюро;
      4) справки о заработной плате трудоспособных (работающих) членов семьи или копию трудовой книжки на неработающих (для выпускников общеобразовательных школ из малообеспеченных семей);
      5) копию свидетельства о смерти родителей (для выпускников общеобразовательных школ, оставшихся без попечения родителей);
      6) решение о назначении опекуна (для выпускников общеобразовательных школ, оставшихся без попечения родителей);
      7) ходатайство акима города или района о необходимости подготовки для региона специалиста данной категории с гарантией его трудоустройства согласно приложению 3 к Инструкции;
      8) регистрационный номер налогоплательщика.
      7. Акты обследования социально-бытовых условий проживания претендентов на Социальную помощь составляют городские и районные отделы занятости и социальных программ.
      Лицо, получившее Социальную помощь на основании решения Комиссии, дополнительно представляет в городской, районный отделы занятости и социальных программ:
      номер лицевого счета, открытого в филиале Народного банка по месту жительства;
      трехсторонний договор на оказание образовательных услуг, подписанный тремя сторонами.

5. Учет и отчетность

      8. После поступления денежных средств на лицевой счет лицо, получившее Социальную помощь, вносит полученную сумму за обучение в  высшее учебное заведение и представляет справку об оплате в городской, районный отдел занятости и социальных программ.
      9. Высшие учебные заведения представляют ежегодно в управление координации занятости и социальных программ области выписки из приказов о переводе на следующий курс и отчислении студентов из малообеспеченных семей, а также оставшихся без попечения родителей, получающих социальную помощь.
      Высшие учебные заведения уведомляют отдел занятости и социальных программ по месту жительства получателя социальной помощи о предстоящем отчислении студента за 30 дней до вынесения соответствующего приказа.
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлением акимата Павлодарской области от 21.09.2010 N 198/14.
      10. В случае отчисления из высшего учебного заведения получателя социальной помощи взыскание выплаченной суммы социальной помощи не производится.
      По результатам учебной сессии два раза в год решением Комиссии право обучения вместо отчисленного студента предоставляется студенту из малообеспеченной семьи и оставшемуся без попечения родителей, обучающемуся в этом же учебном заведении на "хорошо" и "отлично", рекомендованному ректоратом, оплата за обучение указанного студента производится в установленном порядке.

Приложение 1         
к Инструкции по назначению   
социальной помощи выпускникам 
общеобразовательных школ из   
малообеспеченных семей и оставшимся
без попечения родителей для оплаты
обучения в высших учебных заведениях

Акиму (города, района)
от______________________
ф.и.о.      
________________________
проживающего по адресу:
________________________
________________________

Заявление

        Прошу Вас назначить мне социальную помощь  для оплаты обучения в________________________________________________________
                        (наименование вуза)
      по специальности____________________________________________
      ____________________________________, выделяемую студентам из малообеспеченных семей и студентам-сиротам.
      Необходимые документы для получения данной социальной помощи прилагаю.

      Подпись:
      дата:

Приложение 2        
к Инструкции по назначению   
социальной помощи выпускникам  
общеобразовательных школ из   
малообеспеченных семей и оставшимся
без попечения родителей для оплаты
обучения в высших учебных заведениях

Акт обследования социально-бытовых условий проживания
выпускника общеобразовательной школы из малообеспеченной
семьи или оставшегося без попечения родителей
от ____________________200__года

      1. Ф.И.О._________________________________________________
      2. Год рождения___________________________________________
      3. Дом. адрес, телефон____________________________________
      4. Состав семьи:__________________________________________
      __________________________________________________________
      5. Заработная плата, пособия, пенсия членов семьи:________
      __________________________________________________________
      __________________________________________________________
      __________________________________________________________
      6. Что имеется в личном пользовании родителей, опекунов (движимое, недвижимое имущество, подсобное хозяйство):__________
      __________________________________________________________
      __________________________________________________________
      7. Совокупный доход семьи (с указанием дохода на одного человека):______________________________________________________
      __________________________________________________________
      8. Состояние жилищно-бытовых условий:_____________________
      __________________________________________________________
      9. Сумма оплаты за коммунальные услуги:___________________
      10. Какими льготами пользуется:___________________________
      __________________________________________________________
      11. Данные удостоверения личности:________________________
      __________________________________________________________
      12. Дополнительные сведения:______________________________
      __________________________________________________________
      13. Заключение по акту обследования:______________________
      __________________________________________________________
      Подпись проверяющего:_____________________________________

Примечание: пункты 5-7 заполняются только для выпускников из малообеспеченных семей.

Приложение 3       
к Инструкции по назначению   
социальной помощи выпускникам  
общеобразовательных школ из   
малообеспеченных семей и оставшимся
без попечения родителей для оплаты
обучения в высших учебных заведениях

Председателю областной комиссии по   
назначению социальной помощи      
выпускникам общеобразовательных   
школ из малообеспеченных семей и  
оставшимся без попечения родителей для 
оплаты обучения в высших учебных заведениях

ХОДАТАЙСТВО

      Аким ____________________________ ходатайствует о необходимости
                 города (района)
      выделения социальной помощи __________________________________
      ______________________________________________________________
                               (ф.и.о.)
      проживающему__________________________________________________
      ______________________________________________________________
                               (адрес)
      для оплаты обучения в высшем учебном заведении
      ______________________________________________________________
      по специальности _____________________________________________
      относящемуся к категории _____________________________________
                                 (сирота, малообеспеченная семья)
      в связи с потребностью в специалистах данного профиля для региона.

Последующее трудоустройство гарантирую.

      Аким города (района)                           ____________
                                                          подпись

Приложение         
к постановлению акимата    
Павлодарской области    
от 25 декабря 2009 года N 236/18

Перечень постановлений акимата области,
признаваемых утратившими силу

      1. Постановление акимата области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2621, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы" 8 июля 2004 года, N 80, "Звезда Прииртышья" 6 июля 2004 года, N 78).
      2. Постановление акимата области от 1 августа 2005 года N 249/6 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3042, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" 1 октября 2005 года, N 111).
      3. Постановление акимата области от 12 сентября 2005 года N 284/7 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3049, опубликовано в газете "Сарыарқа самалы" 29 октября 2005 года, N 122).
      4. Постановление акимата области от 9 августа 2006 года N 226/8 "О внесении изменений и дополнения в постановление акимата области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3072, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы" 3 октября 2006 года, N 114, "Звезда Прииртышья" 2 сентября 2006 года, N 100).
      5. Постановление акимата области от 19 октября 2006 года N 283/11 "О внесении дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3075, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы" 18 ноября 2006 года, N 134, "Звезда Прииртышья" 18 ноября 2006 года, N 133).
      6. Постановление акимата области от 10 августа 2007 года N 213/7 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3093, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы" 23 августа 2007 года, N 98, "Звезда Прииртышья" 23 августа 2007 года, N 97).
      7. Постановление акимата области от 20 августа 2008 года N 220/8 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3122, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" 6 сентября 2008 года, N 99).
      8. Постановление акимата области от 19 августа 2009 года N 167/12 "О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 14 июня 2004 года N 169/5 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей, для оплаты обучения в высших учебных заведениях области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3144, опубликовано в газетах "Сарыарқа самалы" 17 сентября 2009 года N 107,  "Звезда Прииртышья" 17 сентября 2009 года, N 106).