Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 1 тамыздағы N 249/6 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 17 тамызда N 3042 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  27-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысына  (облыс әдiлет басқармасында 2004 жылғы 18 маусымда N 2621 болып тiркелген, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2004 жылғы 8 шiлдедегi N 80 сандарында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармағындағы "2004 жылғы 5 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 10 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармағы алынып тасталсын;
      4-тармағындағы:
      1-абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "жергiлiктi жерлерде еңбек нарығындағы қажеттiлiкке сәйкес облыстың жоғары оқу орындарында оқуға арналған әлеуметтiк көмектi алуға үмiткерлерге iрiктеу жүргiзу жөнiндегi комиссиялар (бұдан әрi - үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi комиссиялар) құрылсын";
      2-абзацтағы "2004 жылғы 4 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 15 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "2004 жылғы 9 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 19 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "2004 жылғы 15 тамызға дейiн" деген сөздер "тиiстi жылдың 23 тамызына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидалары мынадай мазмұндағы 9- тармақпен толықтырылсын:
      "9. Әлеуметтiк көмек алушыны жоғары оқу орнынан шығарып жiберген жағдайда төленген әлеуметтiк көмек сомасын өндiрiп алынбайды".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi                                Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады