Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 236/18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 14 мамырдағы N 141/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 мамырда N 3206 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 369/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.10.2013 N 369/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3154 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 ақпандағы "Звезда Прииртышья" N 12, 2010 жылғы 4 ақпандағы "Сарыарқа самалы" N 12 газеттерінде жарияланған) N 236/18 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындардағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулықтың 5-тармағында:
      "5000" деген сандар "15235" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады