Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы "Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 148/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009 жылғы 13 қарашадағы N 134/19 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 желтоқсанда N 12-1-146 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 48/25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.06.17 N 48/25 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы "Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын" бекіту туралы" N 148/7 шешіміне (4-сайланған 7-кезекті сессиясы), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-124 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 тамыздағы "Сарыарқа Самалы" N 95 және 2008 жылғы 25 тамыздағы, 2008 жылғы 1 қыркүйектегі "Версия" N 34, 35 газеттерінде жарияланған), төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысына сәйкес әзірленген" 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;
      "Отбасы табысының жиынтығы – бұл жеке қосалқы шаруашылықтан, бақ өсіруден, бақшашылықтан, жеке санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен, тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегінен, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыдан, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектен, 10 АЕК аспайтын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінен, бұрын тұрғын үй көмегіне өтініш берген немесе күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалған шығындардың өтемақысы үшін ақшалай немесе заттай түрде алушылардан басқасының бәрі отбасы мүшесінің жеке табысы" 12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;
      16-тармақтағы "мөлшерде белгіленсін" сөздерінен кейін "электр плиталарды пайдаланатын тұтынушылар үшін бір адамға айына - 110 киловатт; электр плиталарды пайдаланбайтын тұтынушылар үшін бір адамға айына - 90 киловатт" сөздерімен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы Қағидаларына сәйкес телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақыны есептеу жүргізіледі" 29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихатының әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына және тексеру комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            П. Вырвинский

      Қалалық мәслихатының хатшысы               М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады